×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Russia Today каналдары өшті: Ресей YouTube-ты бұғаттаймыз деп сес көрсетті

04.10.2021, 11:20
Russia Today каналдары өшті: Ресей YouTube-ты бұғаттаймыз деп сес көрсетті
фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және жаппай коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералды қызметі RT-нің екі каналын өшіргені үшін YouTube-ты бұғаттаймыз деп қорқытты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ресейлік реттеуші Google-ға хат жолдады. Онда ескертулерді елемегені үшін санкция – жұмысын шектеу екенін айтты, дейді РБК.

Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және жаппай коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералды қызметі Google компаниясынан Russia Today-дің екі неміс YouTube-каналын бұғаттан шығаруды талап етті. Ұйғарым орындалмаған жағдайда видеохостинг Ресей аумағында бұғатталуы мүмкін.

Ведомство Google басшылығына хат жолдап, онда Russia Today ресейлік БАҚ-на қарайтын RT DE мен Der Fehlende Part YouTube-каналдарынан барлық шектеуді барынша қысқа мерзімде алып тастауды талап етті.

Бұған қоса хатта Google осындай әрекеттерімен ақпараттың еркін таралуының негізгі принциптерін бұзып, цензурамен айналысып жатқаны туралы айтылған. Ресей заңдары бойынша, бұндай әрекеттер үшін бас прокурор мен оның орынбасарлары интернет-ресурсты «адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары бұзушылықтарына» қатысы бар деп танып, ал Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және жаппай коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералды қызметі ескерту жасай алады.

«Ресурс иелері Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және жаппай коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералды қызметінің ескертуін орындамаған жағдайда заңнама бойынша олардың жұмысына толық немесе жартылай шектеу шаралары қарастырылған», - дейді ведомство.

Осы ақпараттан кейін Daily Express Кремль RT бұғатталғаннан кейін Берлинге қорқынышты сигнал жібергені туралы хабарлады.