×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Екібастұзды жылумен қамти алмаған компанияға шетелден жаңа басшы келді

20.04.2023, 16:44
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Павлодарэнерго» АҚ басшылығына Олег Анатольевич Щемель тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Олег Щемель 1969 жылы 8 қараша күні Беларусь Республикасының Минск қаласында дүниеге келген.

1986 жылдан 1992 жылға дейін Белоруссиялық политехникалық институтының «Электр станциялары» мамандығы бойынша білім алған.

2006 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта «Минскэнерго» Минск электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің Минск 4-ЖЭО-да электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрослесарь, аппаратураны, релелік қорғаныс және автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер, электр цехының өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.

1998 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электр цехының бастығы лауазымына тағайындалды; 2000 - 2007 жылдар аралығында – «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электростанциясының ауысым бастығы; 2007 жылғы ақпаннан тамыз айына дейін «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

2007 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары болып тағайындалды.

2013-2019 жылдар аралығында «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының бас инженері лауазымында қызмет еткен.

2019 жылғы ақпаннан қазан айына дейін Минск қаласы «Белэнерго» электр энергетикасы мемлекеттік өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2019 жылдан 2023 жылғы сәуір айына дейін – «Минскэнерго» Минск республикалық унитарлық электр энергетикасы кәсіпорнының бас директоры лауазымын атқарған.

17 сәуір күні «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары созбаққа салынды.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Ақпан айының басында өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға басшылығына Альбина Ахметова тағайындалғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары