×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Екібастұзды жылусыз қалдырған олигарх Клебановтың компаниясына жаңа басшы тағайындалды

15.02.2023, 13:14
Коллаж: Ulysmedia.kz

Олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы "Павлодарэнерго" АҚ басшысы қызметінен босатылған Вадим Лесиннің орнына жаңа бас директор тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Павлодарэнерго" АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып Альбина Ахметова тағайындалды", – делінген "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ахметова 2018 жылдың қазан айынан бастап "Павлодарэнерго" АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды, бұған дейін 2014 жылдан бастап "Павлодар жылу желілері" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, ал одан ертерек – 2004 жылдан бастап "Павлодарэнерго" АҚ бас бухгалтерінің орынбасары болып жұмыс істеді, содан кейін бірнеше жыл бас бухгалтер лауазымын атқарған.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Өткен аптада өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

Серіктес жаңалықтары