×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Мемлекет өзіне-өзі сатты": Радиожиілік спектрін сатып алған "Қазақтелеком" сынға ұшырады

20.04.2023, 17:39
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы байланыс саласын монополияландыру бәсекелестік деңгейін төмендетіп, қызмет көрсету сапасының төмендетіп жібергенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Марат Омаров Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық монополияға қарсы форумда айтты.

"Телекоммуникация нарығы жоғары шоғырланған, мемлекеттің мұндағы үлесі 75%-ға дейін өсті. "Қазақтелеком" аукционда радиожиілік спектрін сатып алды. Негізі бұл бизнеске сатылуы керек мемлекеттік ресурс еді. Демек, мемлекет өзіне өзі сатты деген сөз. Монополияландыру клиент үшін бәсекелестік деңгейі мен қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болды. Қазір байланыс қызметтеріне тарифтердің біржақты көтерілуіне байланысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жекелеген тарифтік жоспарлардың құны 2 есе өсті. Мәселен, Алтел, биылғы жылдың 13 наурызынан бастап 1 минут сөйлесу/SMS үшін құнның 9-дан 18 теңгеге дейін қымбаттаты", – деді  ведомство басшысы.

Омаровтың сөзінше, еркін радиожиілік спектрінің болмауы, экономикалық кедергілер бәсекеге қабілетті ұялы байланыс нарығын қалпына келтіру перспективасын төмендетеді. 

"Үкіметтің бір ұялы байланыс операторын бөлу жоспары бар, бірақ әзірге өкінішке қарай оны іске асырудың нақты механизмі жоқ. Сондай-ақ, жеке операторлардың, мысалы, IT нарықтарға, аралас нарықтарға кіру әрекеттері байқалады", – деді ол.

Серіктес жаңалықтары