×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасы: оққа ұшқан ақтөбелік Жұбаназаровтың ісі тағы да тоқтатылды

21.04.2023, 12:58
Қаңтар оқиғасы: оққа ұшқан ақтөбелік Жұбаназаровтың ісі тағы да тоқтатылды
RFE/RL

Ақтөбеде қаңтар оқиғалары кезінде атып өлтірілген жергілікті тұрғын Русланбек Жұбаназаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс екінші рет тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап.

"Полиция мен прокурорлар тағы да "қылмыс құрамы жоқ" дейді. Біз бұған келіспейміз. Біз облыстық соттың апелляциялық алқасына шағым бердік, өйткені полиция да, прокуратура да бұзушылықтарды жою туралы сот қаулысын орындамайды", - деді құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев.

Ол "Қазақстанда құқықтық құралдар жұмыс істемейтінін" атап өтті.

"Егер облыстық сот қолдау көрсетпесе, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінеміз. Ел ішіндегі тетіктер тиімсіз болғандықтан, бізде басқа жол қалмайды", - деді Шорманбаев.

Ақтөбе облысының 30 жастағы тұрғыны Русланбек Жұбаназаров 2022 жылдың 7 қаңтарында атылды. Оның денесі туыстарына 2022 жылдың 8 ақпанында берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басында Қазақстанда Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне наразылық білдіруден басталған жаппай тәртіпсіздіктер болды. Оларды басу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштерін шақырды. Қазақстан билігі тәртіпсіздіктерді "террористер" ұйымдастырғанын алға тартты. Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам құрбан болды.