Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, жаңа санкциялар пакеті аясында Еуроодақ Ресей арқылы бірқатар тауарлардың транзитіне тыйым салуды қарастырмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Тыйым көптеген технологиялар мен басқа да тауарларға, соның ішінде көліктің бірнеше түріне қатысты болады» делінген.
Бұл ретте Ресей Федерациясы арқылы үшінші елдерге транзитке тыйым салу «барлық тауарларға» қолданылмайтыны көрсетілген.
Сонымен қатар, санкциялар тізіміне 30 жаңа қызмет енгізілуі мүмкін. Басылым кейбір компанияларға қатысты санкциялар қатайтылады деп болжайды.
Bloomberg сондай-ақ Польша, Эстония және Литва бұған дейін ЕО-ты Ресейдің әскери, авиация және ғарыш өнеркәсібінде пайдалануға болатын тауарлар мен технологияларды, сондай-ақ Ресейдің дамуына ықпал ететін тауарлардың Ресей арқылы транзитіне тыйым салуды талап еткенін жазды.
22 сәуірде Қазақстан Ресейді айналып өтіп, мұнай экспортын арттырғаны белгілі болды.