×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңаөзенде жұмысшылардан жаппай сұрау басталды

23.04.2023, 11:27
Жаңаөзенде жұмысшылардан жаппай сұрау басталды
Ашық дереккөз

Жаңаөзенде мұнай және сервистік кәсіпорындардың жұмысшыларынан жаппай сұрау басталды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сауалнамамен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының 33 өкілі айналысуда. Олар кен орындарын, өндірістік цехтар мен зертханаларды аралайды.

Құрылымдық бөлімшелерде ерікті сауалнама жүргізіледі. Кейбір сарапшылар мұнай кәсіпшіліктеріндегі жұмыс топтарымен кездесулерге барады, онда олар ең өзекті мәселелерді анықтайды.

Бұл шараның мақсаты – жұмыстағы кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Комиссия мамыр айының соңына дейін Жаңаөзен қаласында болады.

Еске салайық, 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына «Берәлі Маңғыстау компаниясы» мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер компанияның 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Бұған дейін «Берәлі Маңғыстау» серіктестігі тендерде жеңіліп, жұмысшылардың барлығы жұмыссыз қалған болатын.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстады. Алғашында жұмысшыларды қоршауға алды, содан кейін барлық жүктерін жинап алып, автозактарға тиеді.

Жалпы, полицейлер Астанада жаңаөзендік 126 жұмысшыны ұстады.