×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Гаагадан: Путин елде қамауға алынбаса, Еуроодақ Қазақстанға санкция салмайды

24.04.2023, 18:35
Гаагадан: Путин елде қамауға алынбаса, Еуроодақ Қазақстанға санкция салмайды
Ашық дереккөз

Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап берген Еуроодақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О'Салливан мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанадағы БАҚ өкілдері Еуроодақ өкілінен “Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келіп, Гаага сотының санкциясына қарамастан осында қамауға алынбаса, елімізді санкциялар күтіп тұр ма?” деп сұрады.

Оның айтуынша, Гаагадағы халықаралық соттың шешімімен не істеу керектігін әр елдің өзі біледі. Ресей Федерациясының Президентін қамауға алу міндетті емес.

"Бұл шешімді орындау керек пе, жоқ па, әр мемлекет өзі біледі. Біз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың ерекше үлгілі сипатын мойындаймыз және білеміз. Бізге Қазақстанға қандай да бір санкция салуға негіз жоқ. Біз мұны жоспарлап отырған жоқпыз», - деді ол.

Еске салайық, наурызда Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер шығарған, өйткені ол украиндықтарды заңсыз депортациялауға кінәлі.

Путиннің Рим статутын ратификациялаған және Гаагадағы ХҚКО-ның юрисдикциясын мойындаған елдерге бара алмайтыны хабарланды. Бұл қатарға барлық Еуропа елдері, Оңтүстік Америка (соның ішінде Венесуэла), Тәжікстан, Ауғанстан, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Нигерия кіреді.

Рим статутын ратификацияламаған немесе қол қоюдан бас тартқан елдердің қатарында Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Израиль және Түркия бар.