×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Петропавлда пәтерден көрші елден заңсыз әкелінген балалар табылды

25.04.2023, 09:08
vechastana.kz

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

18 сәуірде СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерген.

“Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады. Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты аталған факті 19 сәуірде ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген полиция хабарламасында.

Жедел тергеу тобы құрылды. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алынып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары