×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда базарлар саны азайды

25.04.2023, 14:19
Қазақстанда базарлар саны азайды
kazakh-zerno.net

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюро дерегінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16 бірлікке аз.  Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115 бірлік, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында.

Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар).

“335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген. Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,7 млн м2 құрайды”, – делінген хабарламада.