Солтүстік Корея лидерінің қарындасы, Солтүстік Корея жұмысшылар партиясы орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары Ким Йо Джон АҚШ президенті Джо Байденді «болашағы жоқ шалшалдың» деп атады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ким Йо Джон бұл мәлімдемені Байденнің Солтүстік Кореядағы режимді өзгерту туралы сөзіне жауап ретінде жасады.
«Мұны шалдың ақылсыздығы деп санауға бола ма? Әрине, оның болашағы жоқ, Президенттіктің қалған екі жылында Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігіне, болашағына жауап бере алмайтын және оның жұмысына төтеп беруі қиын қарт адамның ақымақтығы деп санауға болады», - деді ол.
Еске салайық, 27 сәуірде Джо Байден Солтүстік Кореяның АҚШ-қа, оның одақтастарына немесе серіктестеріне ядролық қару қолданатын теориялық шабуылына жол берілмейтінін және мұндай әрекеттерге баратын кез келген режимнің өмір сүруін тоқтатуға әкелетінін айтқан.