×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Мусин ұлын КТЛ-ға оқуға жібереді

30.04.2023, 11:44
Ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұлының қайда оқуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы бүгін таңертең қазақ-түрік лицейіне баласын әкелгенін айтты. Оның ұлы қабылдау емтихандарын тапсырады.

"Алдияр баламызды өзім білім алған КТЛ-ға оқуға түсу үшін емтиханға әкелдік. Ұзақ жол, белестер, небір шыңдар әлі алда. Бірақ, үлкен жеңістер алғашқы қадамнан басталады. “Баласы бәйгеге шапқанда, атасы тақымын қысады” дегендей, кішкене өзімде де қобалжу бар. Сәттілік тілеймін балам!", - деп жазды министр.

ҚТЛ – Қазақстандағы ерекше дарынды балаларға арналған мектептер желісі. Лицейлер ерлер және қыздар болып бөлінеді. Бағдат Мусин және басқа да көптеген қазақ шенеуніктері – осындай мектептердің түлектері.

ҚТЛ-дің 4000-ға жуық оқушысы халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған. Балалар қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде білім алады.

 

 

Серіктес жаңалықтары