"Қазгидромет" РМК 1 мамырға арналған ауа райы болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту де жариялады. Синоптиктер көктемнің соңғы айында еліміздің солтүстігінде суық болады, күн күркіреп, қатты жел тұрады деп болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 24-29 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында күндіз солтүстік-шығыстантан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстік бөліктерінде түнгі және күндізгі уақытта да найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел кейін шығысқа ойысады. Облыс орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.
Алматыда және Қонаевта солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Павлодар қаласында түнде -1-ден -3 °C-қа дейін суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік бағыттан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде түнде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде де жел тұрады. Семей қаласында күндіз солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жететін болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай ойнауы мүмкін, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, ал күндіз кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Шымкент қаласында күндіз 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.
Түркістан қаласында да 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болатын солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Қарағанды қаласында түнде топырақ беті қатып, -3 °C дейін суық болады, үсік жүреді.