×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу тоқтады

01.05.2023, 15:31
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу тоқтады
Ашық дереккөз

Астана полициясы Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өлімінен қылмыс белгілерін таппады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елордалық Демократиялық партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні тергеу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны 27 қаңтарда белгілі болды. Ол 45 жаста еді. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, Кәрімованың өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болған.

Ақпан айының соңында сенатордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Алайда, наурызда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұл ақпаратты жоққа шығарып, «өлімнің себебін анықтау үшін арнайы зерттеулер, сараптамалар жүргізіліп жатыр» деді.