×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Маңғыстау облысына 2,1 трлн теңге инвестиция тартылады

05.10.2021, 08:45
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының кешенді жоспары қаралып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын үкімет отырысына ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды. Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады.

«2021-2025 жылдарға арналған инвестицияларға жалпы қажеттілік 2,1 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 338,8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициядан 1,6 трлн теңге бөлу қажет», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өнеркәсіп саласында Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, АЭА «Ақтау теңіз порты» аумағында каустикалық сода, құрамында хлор бар өнім өндіру зауытын салу, сондай-ақ химреагенттерді, трансформаторларды және тағы басқа өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді. Өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Жылы жағажай» ауданында туристік кешен мен сауда қатарларын, келушілерге орталығы бар этноауыл, 9 қонақ үй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендерін салу сияқты шаралар қабылданады. Көлік және логистика бағыттары бойынша Ақтау қаласының жаңа терминалын салу және жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежайын, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын жаңғырту жоспарланған.

Үкімет басшысы Асқар Мамин өз кезегінде кешенді жоспар іске асырылатын 5 жылда 2,1 трлн теңге сомасына 214 іс-шара орындалатынын мәлім етті.