×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Жыл басынан бері азық-түлік 17 пайызға қымбаттаған

23.06.2022, 17:52
фото: ашық дереккөзден

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2 пайызға, ай басынан бері 1,1 пайызға, жыл басынан бері 17,1 пайызға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің биылғы бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі бағадан 2,2 пайызға жоғары.

Бұдан бөлек кейінгі бір апта ішінде қырыққабат – 9,3% пайызға, картоп – 1,5% пайызға арзандаған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.

ҚР бойынша биылғы орташа бағасы:

  • Сары май – 3236 тг/кг
  • Сиыр еті – 2195 тг/кг
  • Сүзбе – 1712тг/кг