×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Петропавлдағы сепаратизм ісі: сараптама елді ыдыратуды насихаттау белгілерін анықтады

03.05.2023, 09:33
Петропавлдағы сепаратизм ісі: сараптама елді ыдыратуды насихаттау белгілерін анықтады
видеодан кадр

Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесі туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

«2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» құрылғаны жөніндегі видеоны əлеуметтік желілерде орналастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен (сепаратистік қызмет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Сол күні құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдардың тəжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар», - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, жуырда өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

Көп ұзамай Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

31 наурызда Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғаны белгілі болды.

2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды.