×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Биыл елге оралған қандастар қай өңірлерге қоныстанды

03.05.2023, 13:38
Биыл елге оралған қандастар қай өңірлерге қоныстанды
фото: ашық дереккөзден

Биыл 6114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралыпты. 

Биыл елге келген қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан, 19,1%-ы – Қытайдан, 12,1%-ы – Ресейден, 5,6%-ы – Түрікменстаннан, 5,7%-ы – Моңғолиядан және 1%-ы басқа елдерден қоныс аударған. 

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.