×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда әуе компанияларының табысы 1,5 есе өсті

04.05.2023, 17:07
politeka.net

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде әуе көлігімен 2,7 млн адам тасымалданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық.

Осылайша, биылғы жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп отыр.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуір айында әуе сапарларының бағасы 17,7%-ға қымбаттаған

Серіктес жаңалықтары