×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылары тергеліп жатыр

05.05.2023, 10:24
big-rostov.ru

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлім етті.

“Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеуде. Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде”, – деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр.

Сот күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары