×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау беріледі

05.05.2023, 12:38
Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау беріледі
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы Кировское ауылының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округіне қарасты Кировское ауылының атауы Қаражон ауылы болып өзгертілсін.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен шешім-жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысында 7 ауылға қазақша атау берілетіні хабарланған.