Желіде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевты мандатынан айыруды талап ететін петиция пайда болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Петиция авторлары Дайрабаевтың екі ұлы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі болып, мемлекетке 550 849 430 теңге залал келтіргенін еске салады.
"500 миллион теңгеден астам шығын мемлекетке өтелмеді. Жигули Дайрабаевтың өзі Қазақстан Республикасы Парламентінің отырысында сот шешімін ашық сынап, оған қарсы шығатындарын айтты", - деп жазады автор.
Сонымен қатар, петицияда депутаттың есімі Жамбыл облысындағы жанжалда, Кеңес ауылының тұрғындары ауыл шаруашылығы компаниясын жер басып алды деп айыптаған кезде шыққаны айтылған.
«Олардың айтуынша, компания алаяқтық жолмен елді мекендегі 10 мың гектар жерді иемденіп алған. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілген. Бірақ олар ешқашан пайда көрмеген”, – деп жазылған петицияда.
Жарияланған кезде петиция 1394 «иә» дауысын жинаған болатын. Өтінішті қолдаған азаматтар қазіргі депутат Жигули Дайрабаев қызметінен кетуі керек деп есептейді.
Бұған дейін Тараздың №2 сотында алаяқтық жасады деп айыпталған төрт адамға қатысты қылмыстық іс қаралғаны хабарланған болатын.