×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ресей идеологтарының бірі Захар Прилепиннің көлігін жарып жіберді

06.05.2023, 17:53
Ашық дереккөз

Бірден бірнеше ресейлік БАҚ Нижний Новгородта идеологтардың бірі Захар Прилепиннің көлігі жарылғанын жазады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Прилепиннің Мәскеуге «ЛДНР» деп аталатын аумақтан қайтып келе жатқаны мәлім болды. Жолда ол Нижний Новгород облысында тамақ ішуге тоқтайды. Ол көлігімен қозғала бергенде жарылыс болды.

Ресейлік БАҚ-тың алдын ала дерегіне қарағанда, жарылыс салдарынан қаламгердің жүргізушісі қаза тапқан. Прилепиннің өзі жараланған. Қазір оған медициналық көмек көрсетілуде.

Захар Прилепин – ресейлік жазушы, «Әділетті Ресей – Патриоттар – Ақиқат үшін» партиясының тең төрағасы.

2014 жылы Шығыс Украинаға барып, бірнеше жыл сепаратистер қатарында жүрді. Ол бірнеше рет Киевке қарсы әскери әрекеттерді жақтады.

2023 жылдың қаңтарында Прилепин Ұлттық гвардиямен келісімшартқа отырып, Украинаға соғысуға кетті.

Серіктес жаңалықтары