Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Өрт 6 мамыр күні таңғы сағат 9:21-де Қапан Мусин көшесінде болды. №4 емхана маңында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің тез арада сөндірілгенін мәлімдеді. Айналасына еш залалын тигізген жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтайтын болады.