×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

"Өзенмұнайгаз" жұмысшылары қызметке жалған құжатпен қабылданған

11.05.2023, 16:34
ozen.kz

"Өзенмұнайгаз" мен мердігерлерден еңбек заңнамасын бұзудың 130-дан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Жаңаөзендегі ҚМГ жұмыс тобының құрамы өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология және СЭС саласындағы сарапшылармен толықтырылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары “Өзенмұнайгаз” бен мердігерлік ұйымдарда еңбек заңнамасын бұзудың 130-дан астам фактісін тіркеді", - деп хабарлайды Жаңаөзендегі ҚМГ көшпелі жұмыс тобының қызметіне арналған ресми арна.

Жұмыс тобы 2150 өтінішті талдағанын хабарлады. Көлік құрылымдық бөлімшелерінде жол парақтары бойынша кемшіліктер фактілері анықталды. “Өзенмұнайгаз” штатына жұмысқа орналасу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар ашылды, атап айтқанда, жалған сертификаттарды мен жергілікті оқу орындарында оқу туралы жалған куәліктерді пайдалану деректері анықталды. Жұмысқа қабылданған 238 адамның 50-ге жуығы мамандық бойынша жұмысқа орналаспаған немесе кейіннен басқа лауазымдарға ауыстырылған.