×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматы әкімдігі «Медеу» аумағындағы жер учаскелерін заңсыз үлестірген

12.05.2023, 10:09
Алматы әкімдігі «Медеу» аумағындағы жер учаскелерін заңсыз үлестірген
фото: ашық дереккөзден

«Медеу» табиғи паркінің аумағындағы жер учаскелерін үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару фактілері анықталды. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы қаласы əкімдігінің жұмысындағы кемшіліктердің бірі – қала құрылысын жоспарлаудың тиімсіз жүйесі. Атап айтқанда, Қаланың бас жоспары 2004 жылы қабылданған жəне бүгінгі күнгі шындыққа (демографияны, халықты жылумен жабдықтауды, экологиялық талаптарды жəне т.б. ескермеген) сəйкес келмейді. Сонымен қатар оларда сейсмологиялық қауіп-қатерлер (тамақ қабылдау пункттері, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орындар, тауларға жақын жанармай құю бекеттері жəне т.б.) көзделмеген. Өңірдің жергілікті атқарушы органдарының бас жоспарды жəне егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын сақтамауы тағы бір жүйелі бұзушылық саналады. Прокурорлар Алматы қаласында жəне қала маңындағы аймақтарда (Алматы облысының аумағы) бас жоспарды бұза отырып, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертудің жəне егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары түзетулерінің 100-ден астам фактісін анықтады», - деп атап өтеді Бас прокурор жауабында.

Оның дерегінше, Түркияда орын алған оқиғалар аясында қала прокурорының наразылықтары бойынша таулы жерлерде 120 учаскенің (250 гектар) заңсыз салынуына жол берілмеді.

«Сондай-ақ «Медеу» табиғи паркінің аумағындағы жер учаскелерін (45 гектар) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару фактілері анықталды. Аталған бұзушылықтар бойынша Алматы қаласының прокуратурасы жерге рұқсат беру құжаттарының күшін жою туралы 10 талап қою енгізді. Қадағалау іс-шаралары бойынша егжей-тегжейлі түгендеу жүргізу арқылы ауданы 13 гектар (Жайлау шағын ауданы) таулы жерлерде жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер пайдалану құқығына арналған мемлекеттік актілердің күші жойылды», - деді Берік Асылов.