×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қай өңір тұрғындарының жалақысы ең төмен?

15.05.2023, 10:21
Қазақстанда қай өңір тұрғындарының жалақысы ең төмен?
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жалақы орташа республикалық деңгейден 29,2% төмен. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтқан. Депутаттың сауалына жауап берген Әсет Ерғалиев елдегі орташа жалақы қалай есептелгенін түсіндірді.

«Кәсіпорындардың 2023 жылғы 1 тоқсандағы есептерінің қорытындысы бойынша ҚР бойынша орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары ақы төленетін Атырау облысы болып табылады. Онда 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қызметкерлер 618 420 теңге, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 81,5%-ға артық алды. Одан кейін орташа жалақы республикалық деңгейден 1,5 есе жоғары Маңғыстау облысы (509 818 теңге) келеді. Бұл аталмыш өңірлерде орташа айлық кен өндіру өнеркәсібі есебінен қалыптастырылатынына байланысты. 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу орташа 766 555 теңгені құрады. Бұл республикалық деңгейден 2,2 есе артық», - деп жазылған жауапта.

Агенттік мәліметі бойынша, орташа айлық жалақы республикалық деңгейден әлдеқайда төмен өңірлер де бар.

«Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалақы орташа республикалық деңгейден 29,2%, Жетісу облысында 27,7% төмен болды. Салалар бөлінісінде орташа республикалық деңгеймен салыстырғанда төмен ақы төленетін саланың бірі – ауыл, орман және балық шаруашылығы, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі, өнер, ойын-сауық және демалыс. Осылайша, өңірлік және салалық айырмашылықты есепке ала отырып, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрады», - деп жазады Әсет Ерғалиев.