Антикор Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қожабаева басқарманы 2020 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді.