×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды

18.05.2023, 08:15
Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
әлеуметтік желіден

Антикор Кентаудың бұрынғы әкімі Раштд Аюповқа қатысты тергеу аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2013 жылы ол Премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады”, – делінген хабарламада.

Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.