×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шымкентте зейнеткер аурухана терезесінен құлап мерт болды

19.05.2023, 11:14
Шымкентте зейнеткер аурухана терезесінен құлап мерт болды
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 72 жастағы ер адам № 1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Отырар” басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 18 мамырда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмаған.

Белгілі болғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болғаннан кейін ауруханаға түскен. Бұл нұсқа Денсаулық сақтау басқармасында әлі расталған жоқ. Қария Әл-Фараби ауданындағы Айқап шағын ауданында тұратын, отбасы, балалары бар. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын зейнеткерге ұлы келіп кеткен.