×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексеріледі

19.05.2023, 13:13
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір мектепті жеті жылдан аса уақыт басқарған директорларды тексермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша өткен жиында мәлім етті. Оның сөзінше, министрлік Антикормен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізіп жатыр.

“Сараптаманың алдын-ала нәтижелері  бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір  қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", - деді министр.

Бейсембаевтың сөзінше, мектеп директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынады.

Еске сала кетейік, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадр тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмыс алатын басшыларды сынға алған.

 

Серіктес жаңалықтары