×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Айлық қорының өзі 2,5 млрд теңге: Депутаттар даму институттарына наразы

06.10.2021, 11:06
Айлық қорының өзі 2,5 млрд теңге: Депутаттар даму институттарына наразы
Фото: Ашық дереккөзден

«Ақ жол» партиясының депутаттары мәжілісте министр Атамқұлов қорғаған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын қолдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Ақ жол» атынан сөйлеген Азат Перуашев бұл заң жобасын бизнес саласы көптен күткенін айтады. Оның сөзінше, құжатта өнеркәсіптің қазіргі қалыбын жүйеленліруге бағытталған біршама шаралар көзделген.

«Алайда бұл құжаттың салмақты кемшіліктерін айтуға мәжбүрміз. Біріншіден, бизнеске арналған нақты қолдау шаралары жоқ. Президенттің өзі тапсырғандай, орта бизнесті қолдаудың нақты шаралары жоқ. Субсидиялаудың нарықтық режиміне өту байқалмайды», - деді ол.

Азат Перуашев сонымен қатар даму институттарының қызметіне шүйлікті.

««Бәйтерек» секілді ірі холдингтерді есепке алмағанда Qazindustry, ҚазТрейд, Өнеркәсіптік дамыту қоры, Қазақ-экспорт секілді компаниялар 500 адамды ұстап отыр. Олардың айлығының қоры 2,5 млрд теңгеге жетеді. Оған кеңсе мен автокөліктердің, шетелдегі өкілдіктердің шығынын қоса беріңіз. Оларды ары қарай ұстап тұрудың өзі – бизнеске бөлінуі тиіс қаражаттың жұмсалуына әкеп соғып жатыр. Ал енді заң жобасы тіпті тағы қосымша құрылым құрып, оның аймақтағы өкілдіктерін ашуды ұсынып отыр. Өңірлерде қазірдің өзінде кәсіпкерлікті дамыту басқармалары мен «Атамекеннің» филиалдары бар. Бұл шенеуніктер өнеркәсіп үшін керек пе, әлде өнеркәсіп солар үшін жасалып жатыр ма – түсініксіз», - дейді ол.