×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Рыбакина WTA 1000 финалында жеңіске жетіп, әлемнің төртінші ракеткасы атанды

21.05.2023, 08:18
Ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде өткен WTA 1000 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

20 мамырда Рыбакина әлемдік рейтингте 47-ші орында тұрған Ангелина Калининамен кортқа шықты. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте бірінші ойында жеңілген украиндық спортшы медициналық тайм-аут алып, кейін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Матчтың жалпы ұзақтығы 1 сағат 8 минутты құрады.

Римдегі осы жеңісінің арқасында Рыбакина 521 754 еуро көлеміндегі ақшалай сыйлыққа, 1000 рейтингтік ұпайға ие болып, теннистен әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. Оның WTA рейтингіндегі қазіргі орны (алтыншы) мансабындағы ең жоғарысы.

Бұл Рыбакинаға Индиан Уэллсті жеңгеннен кейін маусымдағы екінші WTA 1000 титулын алып, оның жалпы мансаптық титулдарын беске жеткізді.

Серіктес жаңалықтары