×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды

21.05.2023, 08:45
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды
Ашық дереккөз

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.
 
Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
 
Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды.

Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұрады", - деп жазды Руслан Желдібай.