×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оралдағы тергеу изоляторында блогер Аслан Өтепов аштық жариялады

21.05.2023, 11:22
Оралдағы тергеу изоляторында блогер Аслан Өтепов аштық жариялады
Фото: Ulysmedia.kz

Оралда белгілі блогердің соты жүріп жатыр. Сот талқылауы барысында прокурор Өтеповты 7,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өтепов түрме камерасынан видеоүндеу жасап, 3 күндік аштық жариялағанын мәлімдеді. Блогер өз сөзінде бірқатар құқық қорғау және сот қызметкерлерін оның басына түсуі мүмкін жағдайға кінәлі деп санауды сұраған. Бейнехабарламаны «Уральская неделя» жариялады.

Қорғаушы тарап азаматтық белсендіге қатысты қозғалған қылмыстық іс оның трамадолды заңсыз сатумен күрескені үшін бірқатар мемлекеттік органдар басшыларының онымен есеп айырысуы деп санайды.

Еске салайық, Аслан Өтепов алаяқтық жасады және пара беруге шақырды деп айыпталған. Сот отырысында ол балалар үйінің тәрбиеленушісі және кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отырғандықтан, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Мен ресми түрде үш күннен бері аштық жариялап отырмын. (...) Егер аштық жариялаған соң басыма қандай да бір қиындық түссе, мына адамдарды кінәлауыңызды сұраймын: біріншіден, өтінішке заңсыз қол қойған Орал қаласының прокуроры Сәтбаев Азаматты. Содан соң Семилиди Анастасияны. 1976 жылы туған судья Карпов Николай да бар», - дейді Өтепов видеода.

Өтепов бұл шешімді өзі қабылдағанын және өзі қамауда отырған мекеме әкімшілігіне ешқандай талаптары жоқ деп сендірді.