×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытай сайтында Қазақстан жері сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған - АШМ

21.05.2023, 15:20
Қытай сайтында Қазақстан жері сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған - АШМ
Ашық дереккөз

ҚР Жер комитетінің төрағасы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов қазақ жерлерінің Қытай сайттарында сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған қытайлық сайттардағы Қазақстанда жер сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған деп мәлімдейміз», - делінген хабарламада.

Ол шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалары жерді пайдалану құқығымен иелене алмайтынын еске салды.

«Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығына беруге жол берілмейді», - деп толықтырды ол.

Теміржанов аталған құқықтық нормалардың кез келген субъектісі тарапынан бұзылған жағдайда, оларға жол берген субъектілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын және бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.