×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар тағы бір қаржы пирамидасына 124 млн теңге салып үлгерген

24.05.2023, 09:41
Қазақстандықтар тағы бір қаржы пирамидасына 124 млн теңге салып үлгерген
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің үш қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәдіметінше, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының 4 тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражатын тартқан.

«Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен және ҚМА-ның талдау бөлімшелерінің әрекеттесуімен агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.