×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынатын мектептер тізімі жарияланды

24.05.2023, 11:24
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынатын мектептер тізімі жарияланды
kazlenta.kz

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығында 62 жобаның тізімі берілген. Өңірлер бөлінісінде Астана қаласы мен Алматы облысында осы қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны өзгелерден бірнеше есе басым. Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектептің жобасы жоспарланған. Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр.

Осылайша биыл жемқорлардан түскен қаражат есебінен 96 млрд 495 млн теңгенің 62 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңадан мектеп салу және орын тапшылығы бар білім мекемесіне қосымша ғимарат салу жобалары бар.

Мектептер тізімін және әрқайсысына қанша қаражат бөлу жоспарланғанын мына сілтемеден көруге болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмі бекітілгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, жуырда Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенат кулуарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлардан алынған мүлікті мемлекеттік органдардың емес, қазақстандықтардың мұқтаждықтарына жұмсау туралы сұраққа жауап берген.