×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Талибандар Иран шекара бекетіне шабуыл жасады

28.05.2023, 13:11
Ашық дереккөз

Иран мен Ауғанстан арасындағы шекара бекеті маңында атыс болып, екі ирандық шекарашы мен бір «Талибан» содыры* қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Талибанның Иранмен шекаралас аймағына шабуылы туралы «Талибан» қозғалысының өкілі мен Иранның мемлекеттік БАҚ жариялады.

Оқиғаға не себеп болғанын екі тарап та мәлімдеген жоқ, бірақ бұған дейін Иран мен Ауғанстан арасындағы су құқығы мәселесіне байланысты шиеленіс күшейген болатын.

«Бүгін Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды, бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді», - деді Талибан басқаратын ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор.

Ол шекарадағы қақтығыс құрбандарының санын атамады.

“Қақтығыстан кейін Иран билігі қақтығыс болған жердің орнына Милак-Заранж шекара бекетін - ірі коммерциялық өткелді жауып тастады”, деп жазды IRNA.

Иран Ауғанстандағы тәліптер билеушілерін Гильменд өзенінен Иранның құрғақ шығыс аймақтарына су ағынын шектеп, 1973 жылғы келісімді бұзды деп айыптады. Талибан бұл айыптауды жоққа шығарды.

Бұған дейін Ауғанстанның тәліптер үкіметі дипломаттарын аккредиттеу туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүгінгенін хабарлаған болатынбыз.

* «Талибан» қозғалысы – Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік ұйым

Серіктес жаңалықтары