×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

"25 тәулікке қамалады": 31 мамырдағы митингке орай алматылықтарға ескерту жасалды

30.05.2023, 14:16
golos-naroda.kz

Алматы прокуратурасы 31 мамырда митингке қатысатын тұрғындар жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік желілерде биылғы 31 мамырда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер мен шерулерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер кеңінен таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бұл күндері Алматы қаласында қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмеді. Осыған байланысты, жалған хабарламалар арқылы жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Прокуратура бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі - заң) бекітілгенін еске салды. Сондай-ақ, Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (Заңның 3 - бабының 3-тармағы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылыққа, оның ішінде 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғатынын ескертті.

“Заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария түрде шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз. Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады”,-деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс сайлауының ресми нәтижесімен келіспеген "Халық парламенті" өкілдері Алматыда алаңға жиналып, митинг өткізген.

Көп ұзамай полиция митингке қатысқандарды ұстай бастады. 13 сәуірде  Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

Белсенді Әлнұр Ілияшев "сот үкімін орындамағаны үшін" бес тәулікке қамалды.

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынды.

Ал Рысбек Сәрсенбайұлына митингке қатысқаны үшін 172 000 теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

20 наурызда журналист Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды

 

Серіктес жаңалықтары