×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Алматыда емхананың бас дәрігеріне үкім шықты

30.05.2023, 17:41
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында  аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған емхана қызметкерлеріне үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, 2015 жылғы сәуір – 2022 жылғы наурыз айларының аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатып, іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған, кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келген.

“Залалды өтеу шараларын ескере отырып, екі тұлға 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, Кадрлар бөлімінің инспекторы 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды, бас бухгалтер 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Ал емхананың бас дәрігеріне 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтейтін болады, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары