×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

16.07.2022, 10:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

М.Шамшадин жартылай финалда франциялық Максим Мерлиннен басым түсті.

Финалда кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты. Тартысты өткен белдесу барысында кореялық спортшы үшінші ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.

Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде нидерландылық Иво Верхорстертке есе жіберіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Хорватиядағы Grand Slam жарысы 17 шілдеде мәресіне жетеді.