×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШЫҰ саммитінде трансшекалалық өзендер мәселесі қарастырылмайды

31.05.2023, 15:12
ШЫҰ саммитінде трансшекалалық өзендер мәселесі қарастырылмайды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шанхай Ынтымақтастық ұйымы қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші Мұрат Мұқышев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Мұрат Мұқышев Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңесінің кезекті отырысына қызу дайындық жүріп жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, ШЫҰ саммиті осы жылдың 4 шілдесінде Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Қазақстан осы жылдың шілдесінен бастап ШЫҰ төрағалығын қабылдап алады.

Баспасөз мәслихаты барысында Ulysmedia.kz тілшісі Мұрат Мұқышевтан Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесін сұрады. «ШЫҰ немесе басқа да платформада бұл мәселе талқылана ма?» деп сауал қойды. Ертіс пен Іленің бастауы Қытайда жатқандықтан, су саласындағы сарапшылар екі ел су дипломатиясын дамытып, мәмілеге келуі керек деп есептейді. Ал экологтар Балқаш проблемасын көтеріп, дабыл қағып жатыр.

Алайда Мұрат Мұқышевтің сөзінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы су мәселесі аталған саммитте қарастырылмайды.

«Трансшекаралық өзендер мәселесі ШЫҰ-ның күн тәртібіне енгізілген жоқ. Алдағы саммитте бұл мәселе қарастырылмайды, өйткені өзіңіз білетіндей ШЫҰ шеңберінде барлық мәселе консенсусқа жатады. Қазір ешбір мүше мемлекет осы мәселені көтерген жоқ. Сол себепті алдағы саммитте бұл мәселе қарастырылмайды», - деді Қанат Тумыш.