×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мектептерді жөндеуге жемқорлардан тәркіленген 100 млрд теңге бөлінді

01.06.2023, 15:09
Мектептерді жөндеуге жемқорлардан тәркіленген 100 млрд теңге бөлінді
kazlenta.kz

Аталған сомаға әзірге 62 мектепті жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қаражат 62 мектепке бөлінді. Биыл бұл мектептердің жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Бөлінген қаражат жаңылыспасам 100 млрд теңгенің айналасында болған», - деді ол бүгін Астанадағы 82-ші «Дарын» мектебіне барған сәтінде.

Министрдің айтуынша, жемқорлардан тәркіленген қаражат арқылы 72 мектепті қамту жоспарланған. Оның 62 мектебіне қаражат бөлініп қойған.

«Қазір қалған 10 мектеп айқындалып жатыр», - дейді ол.

Еске салайық, былтырғы жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жемқорлардан тәркіленген ақшаны Қазақстанда мектеп салуға жұмсауды тапсырған болатын. Көп өтпей сенатта үкімет басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген ақшаны алу үшін Қаржы министрлігінің арнайы есепшоты қарастырылғанын атап өтті.

«Құқық қорғау органдары жемқор шенеуніктерге де тиісті шешім шығарған. Ақша қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі және қазірдің өзінде түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 50 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті. Таяу болашақта бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өскенін күтудеміз. Қаражат мектеп салуға және мектептерге қосымша құрылыстар салуға бағытталады», деген еді былтыр үкімет басшысы.