×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҰҚШҰ-ға мүшелік Арменияға қиындықтар туғызып жатыр

05.06.2023, 09:42
ҰҚШҰ-ға мүшелік Арменияға қиындықтар туғызып жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше болғандықтан, Арменияға Батыс елдері әскери көмек көрсете алмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Григорян Армения билігі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін шетелдік әріптестермен белсенді жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Алайда олар «Арменияға толық көмек көрсете алмайды, өйткені Армения ҰҚШҰ құрамында бар».

Әйтсе де, Григорян Батыс елдері әскери сипаттан тыс көмек бере алатынын айтады.

«Алғашында біз мәселені талқылаған кезде олар Арменияның ҰҚШҰ-ға мүше екенін айтты, бірақ жұмыс тобы келген тұста олардың Арменияға деген көзқарасы көптеген мәселеде өзгерді. Кейінгі үш жылда Армения үшін ҰҚШҰ-ның пайдасы туралы қандай да бір мысал табу қиын. Арменияға үш рет шабуыл жасалды, ал «әскери альянс» деп аталатын ұйым Арменияда фактілерді анықтау миссиясын ұсынады. Бұл кемінде дұрыс емес», - деді Григорян.

Еске сала кетейік, бұған дейін Армения мен Әзербайжанның аумақтық тұтастықты өзара мойындау туралы келісімге келгені хабарланған болатын.