×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Депутаттық қауқарсыздық па?»: Ұсыныстары қағаз бетінде қалған Базарбек Үкімет жөнінде не ойлайды

05.06.2023, 13:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бақытжан Базарбек депутат болғалы үкімет мүшелеріне бес рет депутаттық сауал жолдаған. Сол сауалдардың екеуіне жауап келген. Алайда мәжілісменнің екі жауапқа да көңілі толмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Базарбек бастаған бір топ депутат банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтару бастамасын көтерген еді. Одан бөлек жер рақымшылығын жариялап, мәселені реттеу үшін жаңа комиссия құруды ұсынған. Алайда бұл бағытта Үкіметтің өз ұстанымы бар екен. Бірнеше ұсынысты аяқсыз қалдырған үкімет мүшелері депутаттарға «мораторийдің де, жаңа комиссияның да қажеті жоқ» деп жауап берген.

Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Бақытжан Базарбектен «қаншама ұсыныстарыңыз қанағаттандырылмаған кезде депутаттық қауқарсыздық сезініп тұрған жоқсыз ба?» деп сұрады.

Бақытжан Базарбек алдымен депутат болғалы үкімет мүшелеріне бес рет депутаттық сауал жолдағанын атап өтті. Сол сауалдардың екеуіне жауап келген. Алайда мәжілісменнің екі жауапқа да көңілі толмайды

«Заңсыз соғылып жатқан құрылыс нысандарына байланысты премьер-министрдің орынбасарына нақты айттым – егжей-тегжейлі жобаларды бекітіп, оларға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде мораторий енгізілуі керек дедім. Себебі тау бөктерінде заңсыз соғылып жатыр. Өкінішке қарай оған негіз жоқ дейді. Мен оларға саяжайларды жеке тұрғын үй құрылысына ауыстырайық дедім. Оған да жоқ деді. Мен айтып отырмын – жер реформасы аясында арнайы доктрина қабылдайық дедім. Оған да негіз жоқ дейді», - деп жауап берді Бақытжан Базарбек.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көбі банктерге кепіл ретінде салынған. Базарбек соның бәрін тексеріп, қандай әкім заңсыз іс-әрекеттерге барғанын, істің мән-жайын анықтау үшін үкіметке республикалық комиссия құруды да ұсынған. Әйтсе де бұл ұсынысы да ескерілмеген.

«Біз онымен тоқтамаймыз! Мен өзімнің қауқарсыздығымды сезіп жатқан жоқпын. Себебі бізде тетік көп. Депутаттық сауал соның бірі ғана. Біз заң жобасын ұсыну құқығына иеміз. Сол себепті мен сейсмо-сел және қауіпті аймақтарда құрылыс жұмыстарын тоқтату жөнінде заң жобасын ұсынып отырмын. Яғни үкімет оған дайын болмаса мен ұсынам», - дейді ол.

Депутат жер мәселелерін реттеуде үкіметтің ешқандай нақты қадамдарын байқап тұрмағанын айтады. Базарбек ендігі жерде үлескерлердің құқығын қорғау бойынша заң жобасын ұсынған.

«Парламенттік тыңдау өткіземіз. Заң жобасын ұсынамыз. Тетіктер жеткілікті. Бұл реформаны соңына дейін жетеміз. Үкімет жұмыс істемесе – істеткіземіз», - дейді Базарбек.

Серіктес жаңалықтары