Экс-мәжілісменнің ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын Антикор растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтынын мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы желтоқсанда Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев өзінің El-Tiregi партиясын құру ниеті туралы мәлімдемесінен кейін NurOtan қатарынан шығарылған болатын.
Өткен сайлауда ол депутаттық мандат үшін күресуге тырысты. ОСК оның кандидатурасын тіркеді.
Өткен жылдың 7 қазанында Нұржан Әлтаев ел Президентінің кезектен тыс сайлауында "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің кандидаты ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжаттар тапсырды. Дәл сол күні ОСК-ға "Мұқалмас" филиалдарының бірқатар басшыларынан жоғары орган отырысының хаттамасын бұрмаланғаны жөнінде арыз келіп түсті.
2022 жылғы 12 қазанда Қазақстан ОСК Нұржан Әлтаевтың кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтатқанын хабарлады.