×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Әркімнің өз шындығы бар": Турлов шахматшылар Асаубаева мен Әбдімәліктің жанжалы жайлы

08.06.2023, 10:29
әлеуметтік желіден

Қазақстан шахмат федерациясының басшысы Тимур Турлов наурыз айының соңында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Турлов тағы бір жанжал туындаған жағдайда спортшылар арасында басқаша байланыс орнатуға үміттенетінін атап өтті.

"Әрине, екеуімен де сөйлестім. Келесі жолы біз негізгі коммуникацияларымызды сәл басқаша ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін. Мен қандай да бір жолмен кеңес бере аламын деп үміттенемін. Менің ойымша, бұл жағдайда әркімнің өз шындығы бар. Біз олардың спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз, оларды қолдау үшін бәрін жасаймыз. Олар – біздің керемет дарынды жұлдыздарымыз, әрбірінде мінез бар. Біз мұны да құрметтейміз", - деді Турлов.

Еске салайық, 25 наурызда әлеуметтік желіде шахматшы қыздар арасында жанжал туды.

Асаубаева Әбдімәлікті “өзімшіл” деп айыптады. Оның сөзіне қарағанда, Жансаямен бірге өзін қосқанда, тағы он бір шахматшы Делиде маңызды Гран-при турниріне барған. Бірақ Жансая ұйымдастырушылар дұрыс қарсы алмады деген желеумен жарыстан аяқасты кетіп қалуды жөн көрген. Мұны турнирдің ашылуына бір сағат қалғанда, әріптесіне телефон арқылы хабарлап, әуежайда екендігін, ұшқалы отырғанын жеткізген.

Ал Жансая Бибісараны “екіжүзді” деп мәлімдеді. Әбдімәліктің айтуынша, Үндістандағы турнирде ұйымдастырушылар жасаған жағдайға өзі ғана емес, Асаубаеваны қоса алғанда, әріптестері де риза болмаған. Олар ақылдаса келе, ФИДЕ президенті мен аппарат басшылығына бұған қанағаттанбайтынын білдіріп, ұжымдық хат жазған. Жарысты кейінге қалдыру немесе оны өткізбеу жөнінде ұсыныс жасаған. Айтуынша, хатқа Асаубаеваны қоса алғанда, турнирге қатысушылардың барлығы дерлік қол қойған.

Өз кезегінде, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Үндістандағы Гран-при турнирінің қатысушыларынан кешірім сұрады.

 

Серіктес жаңалықтары