«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмысқа байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:
• Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;
• Жұмыс істеуге келген иммигрантқа рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу;
• Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;
• Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу.