×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

7 млрд теңге айыппұл арқалаған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады

09.06.2023, 13:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

7 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелген Air Astana әуе компаниясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін заң бұзып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Агенттік атап көрсеткен құқық бұзушылық тек жанармай алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз. Ең алдымен, әуе компанияларының отын алымын алуы заңды құқық болып табылады, бұл туралы "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында көрсетілген. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот талқылаулары көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуе компаниясы сот актісіне шағым түсіреді. Ал агенттік  жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды", - делінген Air Astana хабарламасында.

Еске салсақ, бұдын бұрын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Air Astana әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алынғаны анықталғанын мәлімдеген.

“2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ”, – деп хабарлады агенттік.

Серіктес жаңалықтары